24.11.2026 10:04
Қазақ Қазақ
USD 455.12
EUR 498.99
RUB 5.55
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Қостанай қаласындағы Отбасын қолдау орталығына тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардан 50-ге жуық өтініш түскен

  • 24 ноября, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 2

Жыл басынан бері Қостанай қаласындағы Отбасын қолдау орталығына тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардан 50-ге жуық өтініш түскен. Олардың біріне орталықтан барлық қажетті жағдай жасалған уақытша баспана берілсе, енді біріне заңгерлік көмек пен психологиялық қолдау көрсетілді. Орталыққа тек зорлық-зомбылыққа тап болған немесе қиын жағдайға душар болған жандар ғана емес, білікті мамандардың көмегіне мұқтаж кез келген адам жүгіне алады.