Өрт дабылы қағылғанда әр секунд есептеулі
Өрт дабылы қағылғанда әр секунд есептеулі. Лисаков қаласындағы жатақханалардың бірінде жоспардан тыс оқу-жаттығу өтіп, тұрғындар дабыл бойынша «қаупсіз жерге» шығарылды. Құтқарушылар адамдардың ғимараттан қаншалықты жылдам шыға алатынын және төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібін қаншалықты меңгергенін тексерді. Эвакуация барысында өзгелердің көмегіне мұқтаж жандарға ерекше назар аударылды.



