Тағы бір жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталды
Тағы бір жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталды. Қостанай қаласында автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жалпы, өткен аптада өңірде 33 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 30-дан астам адам жарақат алды, екі адам қаза тапты. Жол апаттарының мән-жайы мен негізгі себептері туралы полиция қызметкерлері айтып берді.



