Қостанайда жыл сайын электромобильдер саны артып келеді
Қостанайда жыл сайын электромобильдер саны артып келеді. Бүгінде қалада 200-ден астам электрлі көлік бар. Оларға қажетті инфрақұрылымды дамыту да өзекті мәселеге айналды. Қазір қала әкімдігі жаңа қуаттау станцияларын орнату үшін жер учаскелерін бөліп жатыр. Ал электрлі және гибридті көлік иелері мұндай станцияларға сұраныс бар екенін растайды. Оның үстіне, олар жаңа қуаттау бекеттерінің қуаты жоғары болғанын қалайды. Заманауи көліктер жергілікті климат жағдайына қаншалықты бейім? Оларға күнделікті техникалық қызмет көрсетуде қиындықтар бар ма?



