Синоптиктер қазан айына арналған консультативтік болжамын жариялады
Синоптиктер қазан айына арналған консультативтік болжамын жариялады. Қазгидромет мамандарының мәліметінше, күздің екінші айында ауа-райы тұрақсыз сипатқа көшіп, күн суытады. Тіпті, жауын-шашынның арты қарға ұласуы мүмкін. Дегенмен, күннің суық күндері ұзаққа жалғаспайды. Айдың ортасында мизам шуақ күндер күтіледі.



