Күз — қамбаға астықтың толатын кезі
Күз — қамбаға астықтың толатын кезі. Ала жаздай еңбек еткен диқандардың бейнеті ақталатын шақ.Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл 4 милион 66 мың гектардан дәнді және дәнді бұршақты дақылдар жиналуы тиіс. Қазірдің өзінде, оның 87% -ы орылған. Ал майлы дақылдарды жинау науқаны қызып тұр.»Бастысы, қолайлы ауа райын қалт жібермей жұмысты аяқтау»- дейді мамандар.



