Қазақстанда тағы да кезектен тыс сайлау өтеді
Қазақстанда тағы да кезектен тыс сайлау өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттарды мерзімінен бұрын таратуды ұсынды. Мұның басты себебі – елдегі саяси жүйенің өзгеруі. Өйткені бүгінде халық қалаулыларының басым бөлігі – қазіргі таңда қызметін тоқтатқан «Amanat» партиясының өкілдері. Жаңа сайлау өткенге дейін мәслихаттар қалай жұмыс істейді?



