Пәтерлерді аралау арқылы биометриялық деректерді жинау туралы хабарламаларға полиция қызметкерлері түсініктеме берді
Пәтерлерді аралау арқылы биометриялық деректерді жинау туралы хабарламаларға полиция қызметкерлері түсініктеме берді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғындардың үйлеріне барып, биометриялық деректерді жинайтыны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралуда. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатыны, оның кімге қажет болуы мүмкін екені, сондай-ақ Қостанай қаласында болған автокөліктердің соқтығысуы мен мас күйінде көлік басқарған жүргізушінің ұсталуын «Шолу» айдарында баяндап береміз.



