Аста-төк дастархан жаю дінімізге де, салтымызға да жат
Қонақасы берілмегені жөн. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дәстүрдің түп-төркіні мен бүгінгі жауапкершілігін таразылай келе, осындай тоқтамға келді. Аста-төк дастархан жаю дінімізге де, салтымызға да жат. Діни басқарманың ұстанымынша, тіпті, мүмкіндік болмаған жағдайда жетісін, қырқын немесе жылын өткізгенде шашылу міндет емес — керісінше, қарызға батып жасалған астың сұрауы ауыр.



