Қостанайда екі мердігер компания әкімдікке ғана емес, аула тұрғындарына да қиындық туғызды
Қостанайда екі мердігер компания әкімдікке ғана емес, аула тұрғындарына да қиындық туғызды. Әңгіме «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылған жұмыстар туралы болып отыр. Биыл 10 балалар ойын алаңын сәтсіз жүзеге асырылған жобалар қатарына жатқызуға болады. Кейбір нысандарда мердігер компаниялар анықталған кемшіліктерді түзетіп жатса, енді біріндегі ойын құрылғылары демонтаждалған. Ал бұл алаңдардың алдағы тағдыры қалай шешілетіні сотта белгілі болады.



