Биыл қыста Лисаков қаласында алғаш рет жаңа «Бионорд» көктайғаққа қарсы реагентін сынақтан өткізу жоспарланып отыр
Биыл қыста Лисаков қаласында алғаш рет жаңа «Бионорд» көктайғаққа қарсы реагентін сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Ол жолдардағы көктайғақты жоюға арналған қосымша құрал ретінде қолданылып, қысқы жағдайда жолдарды өңдеу тиімділігі бағаланатын болады. Әзірге реагентті пайдалану сынақ түрінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар қалада көшелерді қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізетін мердігер анықталып, арнайы техника дайындалды. Қар тазалау жұмыстары қалай ұйымдастырылады және бюджет қаражатын үнемдеу үшін қандай шаралар қолға алынбақ?



