Облыстық балалар ауруханасы, бірнеше айлар бойы жиналған қарыздарынан біртіндеп құтылуда
Облыстық балалар ауруханасы, бірнеше айлар бойы жиналған қарыздарынан біртіндеп құтылуда. Жақын күндері олар емдеу мекемесін азық-түлікпен қамтамасыз етіп жүрген компаниялар алдындағы қарызын өтеген. Айта кетейік, қазіргі таңда қаражаттың жоқтығынан ауруханада түрлі мәселелер туындаған. Ал оған медициналық сақтандыру қорының аурухана алдындағы төлемді кешіктіруі себепші болып отыр.