Жылыту маусымы басталғалы — Қостанай облысында 44 өрт тіркелді
Жылыту маусымы басталғалы — Қостанай облысында 44 өрт тіркелді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 43,6 пайызға азайғаны рас. Алайда өрттен қаза тапқандар саны екіге жетіп, бір адам жарақат алды. Соңғы аптада өңірде тағы сегіз оқыс оқиға болған. Төтеншеліктер өрттің негізгі себептері мен сақтық шараларын атады.



