Екі күн ішінде болған жол-көлік оқиғаларынан бірнеше адам зардап шекті
Екі күн ішінде болған жол-көлік оқиғаларынан бірнеше адам зардап шекті. Қостанай қаласында екі көлік соқтығысып, соның салдарынан бір автокөліктің жүргізушісі мен кәмелетке толмаған жолаушы жарақат алды. Ал аудандардың бірінде полицияның қудалауынан қашпақ болған жүргізуші өзі жарақаттанған. Оқиғалардың егжей-тегжейі, сондай-ақ көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан рөлге отырған жүргізушілерге салынған айыппұлдар туралы «Шолу» айдарында.



