16 жасқа толмаған қазақстандық балалар үшін әлеуметтік желілер қолжетімсіз болуы мүмкін
16 жасқа толмаған қазақстандық балалар үшін әлеуметтік желілер қолжетімсіз болуы мүмкін. Қазір елімізде осындай бастама пысықталып жатыр. Бастама авторлары мұны өскелең ұрпақты интернеттегі зиянды контенттен қорғау қажеттілігімен түсіндіреді. Алайда мұндай шектеу қаншалықты орынды? Балалардың интернеттегі әрекетін кім бақылауы керек: мемлекет пе, әлде ата-ана ма?



