Жітіқарадағы өрттен зардап шеккендерге уәде етілген көмек әзірге қағаз жүзінде ғана қалып отыр
Жітіқарадағы өрттен зардап шеккендерге уәде етілген көмек әзірге қағаз жүзінде ғана қалып отыр. Қыркүйектегі саяжай өртінен жапа шеккен жүзден астам тұрғынға біржолғы төлем аудару үшін 50 миллион теңгеден астам қаражат қажет. Алайда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер қазір ақша жоқ екенін айтады.



