Өткен аптада «Айкөмек» қызметіне тұрғындардан 1500-ден астам шағым мен ұсыныс түскен
Өткен аптада «Айкөмек» қызметіне тұрғындардан 1500-ден астам шағым мен ұсыныс түскен. Бұл жолы тұрғындарды толғандырған негізгі мәселелердің бірі – аялдама павильондарының жағдайы. Қала билігінің пікірінше, олардың сыртқы келбеті түрлі жарнамалық хабарландырулар мен баннерлердің жапсырылуынан бүлінген. Қала әкімі полицияға мемлекеттік мүлікке зиян келтіріп жүрген концерт ұйымдастырушыларын анықтап, жауапкершілікке тартуды тапсырды.



