Қостанайда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Қостанайда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл жалпы 17 үйде жөндеу жұмыстары басталған. Алайда күрделі жөндеуге қатысты кейбір жобалар келесі жылға өтпелі болып қалды. Алдағы жылға арналған бюджеттік өтінім жолданып, оның алдын ала сомасы 2 млрд теңгеден асты.Сонымен қатар, қостанайлықтар «ТКШ-Жөндеу» серіктестігі арқылы бөліп төлеу мүмкіндігін пайдаланып, үйлерінде ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге белсенді кіріскен. Тұрғындарға лифттер ауыстырылып, шатырлар мен электр желілері жөнделуде.



