Талаптарды сақтамаған кәсіпкерлер қатаң жазалады
Талаптарды сақтамаған кәсіпкерлер қатаң жазалады. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында айтылды. Билік өкілдерінің пікірінше, кәсіпкерлер абаттандыру талаптарын сақтамай отыр. Нысандардың сыртқы келбетін ретсіз ілінген маңдайшалар бұзып, заңсыз қосымша құрылыстар көбейген. Қала әкімі Марат Жүндібаевтың айтуынша, енді ескертуді елемегендерге айыппұл салынады. Заңсыз нысандар сүріледі, ал жер телімдері де мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін. Бұл тізімге кімдер ілігуі мүмкін?



