26.09.2026 10:16
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

Қостанай облысында биыл республикалық маңызы бар автожолдардың 163 шақырымы жөндеуден өтпек

  • 31 марта, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 11

Қостанай облысында биыл республикалық маңызы бар автожолдардың 163 шақырымы жөндеуден өтпек. Жаңа асфальт жабындысы ең алдымен жүргізушілердің жүйкесін жұқартқан, ойдым-ойдым шұңқырларға толы учаскелерге төселеді. Мәселен, ағымдағы жылы облыс орталығынан Меңдіқара ауданына баратын бағыттың бір бөлегі жөңдеу көрмек. Аталған жол учаскісінің қазіргі жағдайы сын көтермейді. Көлік тізгіндеген жұрт шұрық-тесік жолдың салдарынан темір тұлпарлары жиі істен шығатынын айтып, талайдан бері бұл мәселені көтеріп келеді. Жөндеу жұмыстары қашан басталады және тағы да қандай тас жолдар дұрысталады?