Құтқарушылар күні қарсаңында ТЖ кезінде аса маңызды қызмет атқаратын мамандар туралы баяндаймыз
19 қазан құтқарушылар күні қарсаңында төтенше жағдайлар кезінде аса маңызды қызмет атқаратын мамандар туралы баяндаймыз. Жыл басынан бері Апаттар медицинасы орталығы Қостанай облыстық филиалының мамандары 300-ден астам рет шақыртуға шыққан. Олардың қатарында ірі өрттер мен ауыр жол-көлік оқиғалары да бар. Бұл мамандардың жұмысының ерекшелігі неде? Олар қиын сәттерде қалай әрекет етеді және басқа шұғыл қызметтерден қандай айырмашылығы бар?



