Қостанай облысындағы кәсіпорындардың бірінің басшысына қатысты сот үкімі шықты
Қостанай облысындағы кәсіпорындардың бірінің басшысына қатысты сот үкімі шықты. Ол шаруаның сенімін теріс пайдаланып, 350 тоннадан астам бидайды жымқырған. Сотталушы тіпті астықты тасыған жүргізушілердің де ақысын төлемеген көрінеді. Ал келтірілген жалпы шығын 30 миллион теңгеден асады.



