Соңғы үш жылда Қостанай қаласындағы нөсер кәрізі желілерінің ұзындығы 28 шақырымға ұлғайды
Соңғы үш жылда Қостанай қаласындағы нөсер кәрізі желілерінің ұзындығы 28 шақырымға ұлғайды. Оның 6 шақырымнан астамы биыл абаттандырылып, пайдалануға берілуде. Қолданыстағы су бұру жүйесін құру мен жөндеуге бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Үш жыл ішінде атқарылған жұмыстарға 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.Сонымен қатар, ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда кәріз желілерінің тозу деңгейі айтарлықтай төмендеп, жалпы көрсеткіш шамамен 60%-ды құрап отыр. Коммуналдық қызметтердің 2027 жылға жоспарлаған жобалары туралы төменде айтамыз.



