Қостанайда жылу беру маусымының басталуына санаулы күн қалды
Қостанайда жылу беру маусымының басталуына санаулы күн қалды. Коммуналдық қызмет мамандары соңғы дайындық жұмыстарын аяқтап жатыр. Ал қала билігі жылу беруді 25 қыркүйектен бастауға ниетті.Бұл ретте халық әлі де Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының негізгі борышкері болып отыр. Соңғы екі айда тұрғындардың берешегі жарты миллиард теңгеден асып кеткен.



