Қостанайда жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілмек
Қостанайда жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Тәуелсіздік пен Кәмшәт Дөненбаева көшесін жалғайтын жол салынып, ол төрт жолаққа дейін кеңейтіледі. Сонымен қатар, жол үсті өткілдерін салу жоспарланып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін құрылыс аумағына кіретін жер учаскелері мемлекет қажетіне алынбақ.



