Қостанайдағы заңсыз қоқыс орындарының бірінен 200 тоннаға жуық қалдық шығарылды
Қостанайдағы заңсыз қоқыс орындарының бірінен 200 тоннаға жуық қалдық шығарылды. Қалалық зират маңындағы аумақты тазартуға 7 КамАЗ бен 2 тиегіш жұмылдырылған. Жыл басынан бері облыста осындай 200-ге жуық қоқыс орны анықталып, оның 152-сі тазартылды. Алайда қоқысты уақытылы жинамағаны үшін әзірге бір ғана айыппұл салынған.



