Қостанайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде «Менің аулам — менің бағым» жобасы сәтті жүзеге асып келеді
Қостанайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде «Менің аулам — менің бағым» жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Ілкімді шараға жүзден астам білім беру ұйымы қатысып, 2500-нан астам ағаш көшеттерін отырғызды. Оның басым бөлігі, алма ағаштары. Бұл жолғы шара №32 мектеп ауласында өтті.



