Қостанайда демалыс күні дәстүрге айналған «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Қостанайда демалыс күні дәстүрге айналған «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Воин-Интернационалистер мен Генерал Арыстанбеков көшелерінің қиылысындағы жабық сауда алаңына таңертеңнен бастап тұрғындар ағылды. Бұл жолы облыс жұртшылығына 20 тоннадан астам табиғи азық-түлік ұсынылып, жалпы айналым 11 миллион теңгеден асты. Дегенмен, қалалықтардың әсері мен сұранысы да әртүрлі.



