Қостанай облысында тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды
Қостанай облысында тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды. Өңірге вакцинаның 80 мың дозасы жеткізілді. Ол ең әуелі медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер мен созылмалы ауруы бар адамдарға тегін салынады. Ақ халаттылар ауруды жеңіл өткізу үшін тұрғындарды екпе алып, қарапайым сақтық шараларын ұстауға шақырады.



