Қостанай облысында әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрғындарға баспана сатып алу барысында өрескел заңбұзушылықтар анықталды
Қостанай облысында әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрғындарға баспана сатып алу барысында өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Прокуратура қадағалауы кезінде аудандардың бірінде қырық миллион теңгеден астам бюджет қаржысына алынған екі пәтердің ешқандай талапқа сай еместігі әшкереленді. Бүгінде анықталған олқылықтар толықтай жойылып, заң талаптарын бұзған кінәлі тұлғалар қатаң жауапқа тартылды.



