Қостанай ауданында қуаты 100 мегаватт болатын жел электр станциясы таныстырылды
Қостанай облысы әлі де электр энергиясы тапшы өңірлердің қатарында. Себебі мұнда өндірілген энергиядан тұтыну көлемі жоғары. Бұл мәселені шешу үшін жаңартылатын энергия көздерін дамытуға басымдық беріліп отыр. Қостанай ауданында қуаты 100 мегаватт болатын жел электр станциясы таныстырылды. Сонымен қатар, «Қостанай–Мамлютка» республикалық маңызы бар автожолының жөнделген учаскесі пайдалануға берілді.



