Қостанай облысында егін жинау науқаны аяқталды
Қостанай облысында егін жинау науқаны аяқталды. Биыл дала алқаптарынан 6 миллион 21 мың тонна астық орылды. Өнімділігі 14,9 центнер. Бұл былтырғыдан төмен көрсеткіш. Мамандары мұны жаздың ыстық болуымен байланыстырады. Ал майлы дақылдарды жинау жалғасып жатыр.



