Қостанай облысында бір күнде екі бірдей адам жол апатынан көз жұмды
Қостанай облысында бір күнде екі бірдей адам жол апатынан көз жұмды. Қайғылы оқиғалар 12 қазан күні тіркелді. Таңертең өңір аудандарының бірінде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетсе, кешкісін Тобыл қаласындағы Әулиекөл трассасына шығаберісте жүк көлігі мен екі мотоцикл соқтығысып, арты орны толмас апатқа ұласты.



