Қостанай қаласында орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Қостанай қаласында орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл 49 көше қалпына келтірілді. Оның аясында асфальт жабысынды ауыстырылып, аумақтар абаттандырылды. Қалалық коммуналдық ұйым бұл жұмысты келер жылы да жалғастыруды жоспарлап отыр. Мәселен, Кәмшат Дөненбаева көшесі қайта жаңғыртылып, екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейтіледі.



