Медициналық инфрақұрылымды дамыту, халықтың табысын арттыру және кәсіпкерлікті қолдау
Медициналық инфрақұрылымды дамыту, халықтың табысын арттыру және кәсіпкерлікті қолдау. Алдағы жылдары осы бағыттар басымдыққа ие болады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында елдің әлеуметтік саласы мен кономикасына оң әсер етуі тиіс бірқатар міндеттерді айқындады. 2027 жылдан бастап қандай өзгерістер күтіледі? Бұл туралы Қостанайға жұмыс сапарымен келген Құрылтай депутаттары мен салалық министрліктердің өкілдері айтып берді.



