Экономиканы дамыту мен кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жоспарларымен Лисаков қаласының билігі де бөлісуде
Жаңа өндіріс орындары, инвестиция тарту және инфрақұрылымды жаңғырту — бүгінде Арқалық қаласы үшін ғана емес, өзге өңірлер үшін де өзекті мәселелер. Экономиканы дамыту мен кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жоспарларымен Лисаков қаласының билігі де бөлісуде. Мұнда келесі жылдың өзінде бірден үш жаңа кәсіпорынды іске қосу көзделген. Қандай жобалар жүзеге асырылмақ? Жергілікті билік экономиканы дамытудың тағы қандай бағыттарына басымдық беріп отыр?



