Арқалық түлеп келеді. Биыл шаһарда құны 30 млрд
Арқалық түлеп келеді. Биыл шаһарда құны 30 млрд. 200 млн теңге болатын үш инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Қалада 40-тан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Меже мұнымен тоқтап қалмайды. Шағын шаһарда тағы екі жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл туралы Арқалық қаласының әкімі өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте сөз етті.



