Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановпен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бірлесіп кеңес өткізді
Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановпен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бірлесіп кеңес өткізді. Жиында табиғи өрттердің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құтқару инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ көктемгі су тасқынынан елді мекендерді қорғау мәселесі негізгі тақырыптардың бірі болды.



