Елімізде бұралқы иттер мәселесіне қатысты заң талаптары күшейтілмек
Елімізде бұралқы иттер мәселесіне қатысты заң талаптары күшейтілмек. Қолданыстағы «ұстау, стерильдеу және қайта жіберу» механизмі күткен нәтижені бермей, тиімсіз екенін көрсетті. Осыған байланысты жаңа заң жобасы Мәжіліс қабырғасында талқыланып, маңызды өзгерістер ұсынылды. Енді алдағы уақытта иесі табылмаған бұралқы жануарларға қатысты эвтаназия, яғни жансыздандыру шарасын қолдану қарастырылып отыр. Өйткені бұрын қоршаған ортаға қайта жіберілген иттердің адамдарға, әсіресе балалар мен ересектерге шабуыл жасау деректері азаймай, керісінше жиілеген. Соның салдарынан ит қабу оқиғаларының саны арта түскен.



