07.07.2026 20:13
Қазақ Қазақ
USD 471.04
EUR 538.54
RUB 6.17
Жаңалықтар

Қостанайлықтар қоқысқа артық төлеген ақшаларын қайтарғысы келеді

  • 13 апреля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 6

Қостанайлықтар қоқысқа артық төлеген ақшаларын қайтарғысы келеді. Осы мәселе бойынша бір топ адам Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне барып шағымданған. Департамент мамандары тұрғындардың сөзін сөйлеп, «Тазалық-2012» компаниясын сотқа берді. Бұл іске прокуратура да араласып жатыр. Бұған дейін қалалық мәслихат қоқыс тарифін көтеру туралы шешім шығарған еді. Бірақ прокуратура бұл шешімнің заңсыз екенін дәлелдеп, күшін жойғызған болатын. Ендігі мақсат — заңсыз көтерілген тариф бойынша халықтың қалтасынан шыққан артық ақшаны қайта есептетіп, әділдікті орнату.