Елдігімізді айқындайтын басты мерекелердің бірі – Республика күні Қостанай ауданында да ерекше рухпен аталып өтті
Елдігімізді айқындайтын басты мерекелердің бірі – Республика күні Қостанай ауданында да ерекше рухпен аталып өтті. Егемендік пен тұтастықтың тұғырын биіктетіп жүрген бір топ өңір тұрғыны мереке қарсаңында елеулі еңбектері үшін марапатқа ие болды. Сондай-ақ бұл күні мәдениет пен спорт саласында оза шыққандар да бағаланып, мерекелік шара әсем ән мен күйге ұласты.



