Заңсыз қару-жарақ қоймаларын анықтау жұмыстары еліміздің бірнеше өңірінде жүргізілді
Қазақстанда бір ай ішінде арнайы қызмет өкілдері бес автомат, ондаған мылтық, тапанша мен гранатаны, сондай-ақ мыңнан астам оқ-дәріні тәркіледі. Заңсыз қару-жарақ қоймаларын анықтау жұмыстары еліміздің бірнеше өңірінде, соның ішінде Қостанай облысымен шектесетін аймақтарда да жүргізілді.
Бұл туралы толығырақ, сондай-ақ жабайы қабандарды ату, аққуды құтқару және облыстың оңтүстік өңірлерінің бірінде өрт қауіпсіздігін күшейту жұмыстары жайында «Шолу» айдарында баяндаймыз.



