Құтқарушы мамандығының қыр-сырын жасөспірім кезден бастап меңгеруге болады
Құтқарушы мамандығының қыр-сырын жасөспірім кезден бастап меңгеруге болады. Қостанай қаласында балалар кедергілерден өтуді, өрт сөндіру сатыларымен жұмыс істеуді және шынайы жағдайға барынша жақын ортада әрекет етуді үйреніп жүр. Мұның барлығы өрт-құтқару спорты бойынша жаттығулар барысында жүзеге асады. Мұнда жас спортшылар ғана емес, болашақта өрт сөндіру бөлімшелерінің қатарын толықтыруы мүмкін өскелең ұрпақ та тәрбиеленуде.



