Қостанайда Қонай шағын ауданынан мемлекеттен тегін жер телімін алуға ниетті азаматтарды іздестіріп жатыр
Қостанайда Қонай шағын ауданынан мемлекеттен тегін жер телімін алуға ниетті азаматтарды іздестіріп жатыр. Бұл туралы бүгін облыс орталығының әкімі мәлімдеді. Мәселе мынада: күтілгендей үлкен сұраныс байқалмаған. Сондықтан қазір мамандар 50 мыңнан астам адамды қамтитын жер кезегін қолмен тексеріп, өзектендіріп жатыр. Қала тұрғындарының жер алуға деген қызығушылығының төмендігін әкім Қонай шағын ауданында әлеуметтік нысандардың, соның ішінде мектептің жоқтығымен байланыстырды.
Ал әзірге өз үйінің құрылысын бастауға тек 24 қостанайлық кіріскен.



