Брифинг барысында Қазақстандағы жол құрылысы саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды
Халықаралық маңызы бар автожолдарда үш жолақты қозғалыс енгізу, кейбір жолдарды төрт жолаққа дейін кеңейту және ауыр жүк көліктерімен күресу. Бұл бастамалар туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді. Алдағы қысқы кезеңге дайындық мәселесіне арналған брифинг барысында Қазақстандағы жол құрылысы саласындағы бірқатар өзекті мәселелер де талқыланды.



