Қостанайда 140-тан астам лифт нормативтік пайдалану мерзімін өтеп қойған
Қостанайда 140-тан астам лифт нормативтік пайдалану мерзімін өтеп қойған. Бұл тұрғындар үшін жайлылық мәселесі ғана емес, қауіпсіздікке де тікелей қатысты. Лифт жабдықтарын ауыстыру қомақты қаржыны талап етеді. Сондықтан шешімдердің бірі – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама. Оның аясында лифтілерді жаңартып, төлемді 15 жылға дейін бөліп төлеуге болады. Бағдарлама қалай жүзеге асырылады? Тұрғындар неліктен оған қатысуға өздері жиі өтініш білдіре бастады?



