Қостанайда зираттардағы жерлеу орындарының тапшылығы өзекті мәселеге айналды
Қостанайда зираттардағы жерлеу орындарының тапшылығы өзекті мәселеге айналды. Мамандар қаланың бас жоспарына енгізіліп жатқан түзетулер аясында әуежай маңындағы қалалық зират аумағынан 90 гектар жерді игеруді ұсынып отыр. Алайда абаттандыру жұмыстарын бастамас бұрын топырақ құрамына зерттеу жүргізу қажет. Себебі аумақты жер асты сулары басу қаупі бар.



