Қостанайдың бұрынғы полицейі пара алғаны үшін жазаланды
Қостанайдың бұрынғы полицейі пара алғаны үшін жазаланды. Оны биыл қыркүйек айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұстаған болатын. Ал арада екі айға жетпейтін уақыт өткенде, іс бойынша сот шешімі шықты. Сот процесінің қысқа мерзімде аяқталуына сотталушының өз кінәсін толық мойындап, тергеуге көмектесуі себеп болған. Нәтижесінде ол бас бостандығынан айырылған жоқ. Алайда өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, түрмеге қамалуы мүмкін.



