«Садовод» бау-бақша қоғамына газ тарту және осы мақсатқа қажетті телімін алу мәселесі сотта қаралды
Қостанай қаласындағы «Садовод» бау-бақша қоғамына газ тарту және осы мақсатқа қажетті жер телімін алу мәселесі сотта қаралды. Бұған дейін саяжай тұрғындары осы мәселе бойынша қалалық сәулет бөліміне рұқсат сұрап жүгінген. Алайда отын жеткізуші ұйымнан техникалық шарттары болғанына қарамастан, оларға рұқсат берілмеген. Бұған басты себеп — қала әкімдігі әзірлеуге тиіс аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының болмауы.



