14.10.2026 11:33
Қазақ Қазақ
USD 448.45
EUR 501.59
RUB 5.36
Жаңалықтар

Қостанайда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар саны азайып келеді

  • 14 октября, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 2

Қостанайда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар саны азайып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстар саны 60 пайызға төмендеген. Полиция қызметкерлері мұны профилактикалық жұмыстардың нәтижесімен байланыстырады.
Қазіргі таңда Қостанайдағы учаскелік полиция пункттерінде тәртіп сақшылары тұрмыстық жанжалдардың құрбандарымен және құқық бұзушылармен кездесетін екі арнайы бөлме жұмыс істейді. Алдағы уақытта мұндай профилактикалық бөлмелердің санын арттыру жоспарланып отыр.